Мәскеуде «ҚКҚ – дарынды балаларға» конкурсы өз мәресіне жетті

2023 жылғы 4 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы «Русская песня» мемлекеттік театрының сахнасында «КҚК – дарынды балаларға 2023» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған халықаралық байқауының гала-концерті өтті. Байқау биыл 25-ші рет өткізілді. «КҚК – дарынды балаларға 2023» конкурсы төрт кезеңді қамтыды: екі іріктеу кезеңі қашықтықтан ұйымдастырылса, үшінші кезең өңірлерде, ал төртіншісі – Халықаралық «Москва встречает друзей» мәдени […]

Мәскеуде «ҚКҚ – дарынды балаларға» конкурсы өз мәресіне жетті Read More »

2023 жылғы 4 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы «Русская песня» мемлекеттік театрының сахнасында «КҚК – дарынды балаларға 2023» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған халықаралық байқауының гала-концерті өтті. Байқау биыл 25-ші рет өткізілді.

«КҚК – дарынды балаларға 2023» конкурсы төрт кезеңді қамтыды: екі іріктеу кезеңі қашықтықтан ұйымдастырылса, үшінші кезең өңірлерде, ал төртіншісі – Халықаралық «Москва встречает друзей» мәдени форумы аясында өтті. Қорытынды кезеңге Астрахан облысында, Қалмақ Республикасында, Ставрополь және Краснодар өлкелерінде өткен конкурстардың өңірлік жеңімпаздары мен лауреаттары қатысты. Олардың қатарына Қазақстан Республикасының Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан келген Jas Tolqyn конкурсының лауреаттары қосылды. Мәскеудегі мәдени Форумға барлығы 300-дей адам қатысты.

Гала-концерт орыс халқының ұлттық ертегілерінің желісімен жазылған сценарий бойынша «Таинственный остров» театрландырылған-музыкалық шоу форматында қойылды. Дәстүрге сай, рөлдерді конкурс жеңімпаздары мен олардың жетекшілері, әділқазылар мүшелері – конкурс сарапшылары және мәскеулік театрлардың актерлері сомдады. Сахнадағы кейіпкерлердің қызыққа толы оқиғасын Каспий Құбыр Консорциумының басшылары мен қызметкерлері, акционер компаниялардың өкілдері, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік думасының депутаттары, орналасқан аймақтардағы Заңнамалық жиналыс депутаттары тамашалады. Мәдени Форумға қатысушыларды КҚК Бас директоры Николай Горбань, Қалмақ Республикасы Үкіметінің төрағасы Гиляна Босхомджиева, Астрахан облысының вице-губернаторы – Үкімет төрағасы Олег Князев қарсы алды.

«КҚК – дарынды балаларға 2023» фестиваліне барлығы 19 мыңнан астам адам қатысты (5 мыңға жуық өтінім түсті). Жас қатысушылар мен педагогтар бақтарын «хореография», «аспапта ойнау», «вокал», «хор», «театр», «әлеуметтік видео» және «педагогикалық шеберлік» аталымдары бойынша сынады.

Гала-концерт қарсаңында байқаудың өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары өздерінің тәлімгерлерімен бірге Мәскеудегі жетекші ЖОО-лардың педагогтары, мәскеулік театрлардың әртістері, атақты өнер қайраткерлері ұйымдастырған шеберлік сағаттарына қатысты. Шеберлік сағаттары П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, А.В. Александров атындағы Ресей әскерінің ән және би ансамблі театрының және басқа сахналар базаларында өтті. Мәскеулік форумның жас қонақтары астананың көрікті жерлерін аралап, экскурсия және мәдени бағдарламаларға да қатысып үлгерді. 

«КҚК – дарынды балаларға» байқауы 25 жыл бұрын бастау алған еді. Жыл сайын байқау Каспий Құбыр Консорциумы орналасқан аймақтардан келген жас таланттар үшін үлкен сахнаға жол ашады, – деп атап өтті өз сөзінде КҚК Бас директоры Николай Горбань. – Бір қызығы, осы байқауға ең алғашқы қатысушылардың балалары да келіп отыр. Дәл осындай ұрпақ сабақтастығы «КҚК – дарынды балаларға» байқауының 25 жыл ішінде тамырын тереңге жайып, мәдени өмірдің тұтас бір бөлігі болғанын, барлығымыз асыға күтетін және қуаныш сыйлайтын мерекелік шараға айналғанын білдіреді».

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 километрді құрайды. Бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері:

Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) – 24%, «КТК Компани» – 7 %, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ – 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top