8 маусымда Jas tolqyn өңірлік конкурсының 2-кезеңі қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтеді

8 маусымда сағат 10.00-де «Caspian Riviera Grand palace» қонақүйінің конференц-залында «Jas tolqyn» аймақтық жас таланттар байқауына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясы барысында «Хореография», «Вокал», «Аспаптық жанр», «Дәстүрлі ән», «Көркем сөз» номинацияларының жеңімпаздары жарияланады.
Баспасөз конференциясының спикерлері:

  1. Қ.М. Қабылдин – Бас директордың ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары;
  2. А.Қ. Мусахаджаева – Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор;
  3. Н.Т. Измайлов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ фортепиано кафедрасының профессоры, «Jas tolqyn» байқауы әділ қазылар алқасының төрағасы;
  4. Г.И. Талпақова – халық әртісі, биші, балетмейстер, педагог.
  5. Айна Задабек – ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі департаменттің жұртшылықпен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі бас маманы.

8 маусымда сағат 15.00-де Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің сахнасында «Jas tolqyn» жас таланттар байқауының қорытынды Гала-концерті өтеді.
«Jas tolqyn» жас таланттар байқауы «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ қолдауымен өткізіледі және Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған. Байқауға 1200-ден аса адам қатысты.
Әділ қазылар құрамына Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, халықаралық өнер академиясының академигі, профессор Айман Мусахаджаева, ҚР халық әртісі Гүлжан Талпақова, «Қазақстан музыканттары одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Орган залының директоры Гүлбаршын Мұқашева, ҚазҰӨУ фортепиано кафедрасының профессоры Нұрлан Измайлов, ҚазҰӨУ дәстүрлі музыка факультетінің деканы Марат Нукеев, Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының әртісі Еркебұлан Бекен, ҚазҰӨУ-дың «Эстрадалық өнер» кафедрасының оқытушысы Ақерке Бахтиярқызы, Атырау облыстық филармониясының бас режиссері Ақмарал Машимова кірді.
Аккредиттеуге арналған телефон: 8 701 308 85 88 Гүлнар

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top