ҚАТЫСУШЫҒА КӨМЕК!
1-ҚАДАМ
Конкурстық өнерді кез келген техникаға жазуға болады (телефон, кәсіби бейнекамера, бейне-ролик МР4 форматында, тұнықтығы HD720p, көлемі 200МБ артық емес, уақыты 4 минуттан артық болмауы тиіс). Сондай-ақ байқаудың техникалық талаптарын сақтаған жағдайда және 2018 жылдан ерте емес жазылған кез келген жерде (сахна, сынып, аудитория және т.б.) түсірілген кез келген іс-шарадан кез келген мұрағаттық жазбаны ұсынуға болады.
Әрбір конкурстық өнер бөлек жазылуы тиіс.
Монтаждауға жол берілмейді!
2-ҚАДАМ
Конкурстық өнеріңізді интернетке жүктеңіз. Ол үшін YOUTUBE.COM арнасын пайдалану керек. Әр бейне-роликтің атауы келесі тәртіппен жазылуы тиіс: Облыс/Аймақ/жанр/топ/қатысушының аты-жөні(немесе ұжымның атауы)/муз. Нөмірдің атауы /
Мысалы: Ақтөбе обл./Хромтау/вокал/ кіші топ
/«Балдәурен» триосы/ «Астана» әні/
3-ҚАДАМ
Электрондық сауалнаманы толтырыңыз, барлық тармақтарын толтыру керек! Бейне-ролик сілтемесін енгізуді ұмытпаңыз.
4-ҚАДАМ
Өтініміңіздің қарауға қабылданғаны туралы хабарламаны Байқау әкімгерінен күтіңіз. Егер 5 күн ішінде жауап келмесе, қоңырау шалып, нақтылаңыз.
Назар аударыңыз! Қазылар алқасының нәтижелері мен бағалары ұсынылған бейне-материалдың сапасына да байланысты болады (мысалы, Егер бейне алыс қашықтықта түсірілген болса немесе қатысушы нашар көрінсе немесе нашар естілсе, қазылар алқасының мүшелері сөз сөйлеуді объективті бағалай алмайды).