Атырауда «Jas-tolqyn» жас таланттар байқауының Гала-концерті өтеді

Үстіміздегі жылдың 7 маусымында сағат 11.00-де Атырау қаласындағы «Sultan Palas Hotel» қонақүйінің (Әбілқайыр хан даңғылы,70) конференц-залында «Jas tolqyn» жас таланттар байқауының ІІ кезеңін өткізуге арналған баспасөз конференциясы өтеді.

«Jas-tolqyn» қайырымдылық жобасы Каспий Құбыр Консорциумының қолдауымен жүзеге асырылады және Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған.

Баспасөз конференциясында қайырымдылық жобасының ұйымдастырушылары мен демеушілері байқаудың өту барысы туралы айтып, Гран-приге ие болғандардың атын жариялайды. Әр номинацияның жеңімпаздары финалдық 3-кезеңге қатысып, Мәскеу қаласында өтетін «КҚК – талантты балаларға» халықаралық фестивалінде Қазақстанның намысын қорғайды. 

Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылардан 254 өтінім келіп түскен. Бұл – 600-ден астам балалар мен жасөспірімдер.

Естеріңізге салсақ, «Jas-tolqyn» байқауы Қазақстанда алғаш рет 2019 жылы өтіп, оған 200-ден аса адам қатысқан еді.

Баспасөз конференциясының спикерлері:

  1. Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин, Бас директордың ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары;                                
  2. Р.К. Мусаходжаева – ҚазҰӨУ профессоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Jas-tolqyn»байқауы әділ қазылар алқасының төрағасы;   
  3. Г.И. Талпакова – халық әртісі, биші, балетмейстер, педагог;
  4. Айна Жетпісбаева – ҚР Үкіметімен байланыс департаментінің жұртшылықпен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі бас маманы.

Аккредитациялауға арналған телефон: 8 701 308 85 88 Гүлнар

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top