молодых талантов «Jas-tolqyn»
в рамках международной программы
«КТК – талантливым детям, 2023»
Среди детей проживающих в Атырауской, Актюбинской,
Мангыстауской и Западно-Казахстанской областях
Байқау 3 негізгі кезеңге бөлінген.
Ережедегі толық ақпаратпен міндетті түрде танысыңыз!
1. Балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығын дамыту;
3. Дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету;
5. Балалар мен жасөспірімдер арасында хореография, вокал, аспаптық музыка өнерін танымал ету;
2. Балалар-жасөспірімдер және жастар шығармашылығы мәдениетін дамытуға қолдау көрсету;
4. Балалар мен шығармашылық ұжымдардың жетекшілерін өнердегі жаңа үрдістер мен бағыттармен, қосымша көркем білім берумен таныстыру.
Құрметті достар!
«Jas tolqyn» жас таланттар байқауының қатысушыларымен, қазылар алқасы мүшелерімен және осы жобаның ұйымдастырушыларымен қайта көріскенімізге қуаныштымын!
Каспий Құбыр Консорциумы атынан Қазақстанның дарынды балаларын қолдау жөніндегі КҚК қайырымдылық жобасының жұмысын қайта бастайтынын және «Jas tolqyn»байқауы жаңа таланттар мен жаңа есімдерге есігін айқара ашатынын қуана хабарлайды!
Өздеріңіз білетіндей, Jas tolqyn Қазақстанда алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған болатын. Байқауға дайындық жұмыстарын жүргізу барысында, шығармашылық алаңда әр қатысушыға өз талантын толыққанды ашуға, өз шығармашылығын көрсетуге және кәсіби оқытушыларберген шеберлік-сабақтарда актерлік дағдыларға машықтануға мүмкіндік берілгені бәріміздің есімізде.
Қазақ ұлттық өнер университеті қолдауының арқасында,Қазақстанның Батыс өңірінің шалғай аудандарынан келген балалар мыңдаған жұртшылық алдында өз өнерлерінкөрсетуде баға жетпес тәжірибеге, сондай-ақ күрес пен жеңіске деген ынтаға ие болды.
«Jas tolqyn» жобасы болашақта өз жолын одан әрі жалғастырады және қандай жағдай болмасын, Қазақстанда жыл сайын өткізілетін, ғұмыры ұзақ және тарихы жарқын дәстүрлі мәдени іс-шараға айналады деп үміттенемін. Консорциумның әлеуметтік-жауапты компания ретіндегі міндеті – бұл өңірдің экономикалық инфрақұрылымын дамыту ғана емес, сонымен қатар, дәстүр мен мәдениетті сақтау, өзіндік ерекшелік пен шығармашылық даралықты қолдау болып табылады.
Кез-келген бәйгедегі маңызды фактор – ол сәттілік болса, сол сәттілікті барлық қатысушыларымызға жолдай отырып, жеңіске жетуді тілеймін!