«Jas-tolqyn» жас таланттар байқауының жеңімпаздары Мәскеуге барады

Махамбет атындағы Қазақ драма театрының сахнасында «Jas-tolqyn» байқауының Гала-концерті өтті. Ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Айдарбеков, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің процессоры Раиса Мусахаджаева және «КҚК-Қ» АҚ бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин қатысты.

Сөз сөйлеушілер байқау жеңімпаздарын лайықты жеңістерімен құттықтады және байқау халық шығармашылығын тек елде ғана емес, сондай-ақ шетелде де көтермелеуге керемет мүмкіндік екенін атап өтті.

«Jas tolqyn» байқауы бүлдіршінге қанаттарын қатайтып, алға қарай өрлеуге, сенімі мен даярлығын арттыруға мүмкіншілік береді», – деді «Jas-tolqyn» байқауы қазылар алқасының төрайымы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Раиса Мусахаджаева. – Мен байқау сәтті өтті деп санаймын, әрбір байқауға қатысушы, мейлі аспапшылар иә би ұжымдары мен вокалисттер болсын жоғары деңгейдегі орындаушылығымен бізді – қазылар алқасының мүшелерін таңдандырды. Әбден ұмыт болған жетіген, қобыз, баян сияқты тарихи аспаптар жастар арасында дәріптеліп жатқаны қуантады. Барлық балалар дайындықпен келген, бұл ұстаздардың зор еңбегінің және әлбетте, КҚК-ның арқасында, компания осындай тамаша байқаудың өткізілуіне үлкен қолдау көрсетіп келеді.

«Jas-tolqyn» қайырымдылық жобасы Каспий Құбыр Консорциумымен әлеуметтік-қайырымдылық қызметі аясында жүзеге асырылады және ол Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған. Байқаудың мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдениеттің бірегейлігін сақтау.

Естеріңізге сала кетсек, ережеге сәйкес байқау 3 кезеңнен тұрады: «сырттай қашықтан байқау» онлайн түрде jas-tolqyn.kz сайтында өтеді, оған болашақ қатысушылар анкеталарын жолдайды. Содан кейін, Атырау қаласында II кезең – аймақтық көзбе-көз байқау өтеді, оған I кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Қорытынды кезең – «біріктіруші мәдени форум» Мәскеу қаласында өтеді.

Сондықтан «Jas tolqyn» байқауының финалисттерін Ресейде 20 жылдан астам уақыттан бері өткізілетін Мәскеу қаласындағы «КҚК-дарынды балаларға» атты халықаралық фестиваліне қатысуға дайындық күтіп тұр.

Байқау төрт номинация бойынша өтеді: «Хореография», «Вокал», «Аспаптық жанр», «Дәстүрлі ән».  Байқау қорытындылары бойынша «Хореография» номинациясында Гран-при «Ақ қайың» ансамбліне (Исатай ауданы, Аққыстау ауылы) табысталды. «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Гран-приді Әбіш Жансейіт (Маңғыстау облысы) иемденді. Атырау қаласынан «Құлан саз» ансамблінің ұжымы аспаптық жанр бойынша Гран-приді иемденді, ал жеке орындауда Ақтау қаласынан Аслима Шакхат. «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иегерлері – Санжар Дәукенов (Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауылы) және Дінмұхамед Нұрқабаев Атырау қаласынан.

 «Jas-tolqyn» байқауы – КҚК-Қ компаниясының дәстүрлі қайырымдылық жобасы, ол Қазақстанда 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Барлық байқау қатысушылары үшін танымал өнер саласындағы профессорлармен шеберлік кластарын өткізеді, олар актерлік шеберлікті үйретеді.

Биылғы  «Jas-tolqyn» Гала-концертінің жарқын ерекшелігі – қазылар алқасы мүшелерінің байқау лауреаттарымен бірлескен шығармашылық нөмірлері.

«Конкурсанттарға арналған шеберлік кластарын өткізу барысында балалармен бірге өнер көрсету идеясы пайда болды. Біз олардың осы аралықта кәсіби тұрғыда өскенін, бұрынғыдан гөрі сенімдірек, еркінірек бола түскенін көріп отырмыз. Меніңше бүгінгі бірлесіп өнер көрсетуіміз арқасында олар Мәскеуде өнер көрсеткен кезде өз күшіне және талантына сенімді болады», – деді Құрманғалиев атындағы филармония әртісі Қайрат Кәкімов

Концерт қонағы ретінде танымал қазақстандық әнші Бейбіт Көшқалиев өнер көрсетті және ол байқау қатысушылармен бірге екі ортақ нөмір дайындады.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды; бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік , соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) – 24% және « КТК Компани » – 7 % « Қазмұнайгаз » – 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75% – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top