«Jas-tolqyn» жас таланттар байқауының Гала-концерті

«Jas tolqyn» жас таланттар байқауының қазылар алқасы II кезеңнің қорытындыларын шығарды және Гран-при иегерлерінің есімдерін жариялады. Осыған орай 2022 жылғы 7 маусымда Атырауда арнайы баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

«Хореография» номинациясы бойынша Гран-при Исатай ауданы, Аққыстау ауылының «Ақ қайың» ансамбліне табысталды. Байқауға қатысушылар арасында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Маңғыстау облысының келген Әбіш Жансейіт жеңімпаз атанды. Атырау қаласынан «Құлан саз» ансамблінің ұжымы аспаптық жанр бойынша Гран-приді иемденді, ал жеке орындауда Ақтау қаласынан Аслима Шакхат. «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иегерлері – Санжар Дәукенов, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауылы және Дінмұхамед Нұрқабаев, Атырау қ.

Енді «Jas tolqyn» байқауының финалисттерін тағы бір қорытынды кезеңге – Ресейде 20 жылдан астам уақыттан бері өткізілетін Мәскеу қаласындағы «КҚК-дарынды балаларға» атты халықаралық фестиваліне қатысуға дайындық күтіп тұр.

«Jas-tolqyn» қайырымдылық жобасы Каспий Құбыр Консорциумының демеушілік қолдауымен жүзеге асырылады және ол Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған.

«КҚК-ның басымдықты міндеттерінің бірі – өз қызметін жүргізетін аймақтарға қолдау көрсету», – деп атап өтті бас директордың ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин баспасөз конференциясында. – Жыл сайын компаниямыз әлеуметтік-қайырымдылық қызметі аясында Атырау облысының әлеуметтік саласын дамытуға инвестиция салады. Бөлінген қаражат денсаулық сақтау, білім беру, балалар спорты, қала мен аудандар инфрақұрылымы салаларын қолдауға жұмсалады. Мәдениет саласындағы ауқымды қайырымдылық жобасы – Қазақстанның батыс өңірлерінің шалғай аудандарындағы және ауылдарындағы дарынды балаларға арналған «Jas tolqyn» жас таланттар байқауы».

Өнер көрсетер алдында байқау қатысушылары үшін танымал ұстаздар шеберлік кластарын өткізеді, соның арқасында оларға ашылуға және жаңа дағдыларды үйренуге мүмкіндік беріледі. Байқаудың мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдениеттің бірегейлігін сақтау.

Байқаудың қазылар алқасының сөзінше биылғы жылы қатысушылардың саны өткен жылғы байқаумен салыстырғанда екі есеге артқан, демек жоба сұранысқа ие. 

«Онлайн форматында өтетін бірінші кезеңде 254 шығармашылық жұмыс келіп түсті. Бұл – 600-ден астам бала мен жасөспірім», – деді «Jas-tolqyn» байқауы қазылар алқасының төрайымы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Раиса Мусахаджаева. – Биыл осындай тамаша жобаны толыққанды форматта өткізу мүмкіндігіне ие болғанымыз өте жақсы. Өйткені, жобаның кішігірім тарихы «Jas-tolqyn» жаңа есімдерді ашатынын көрсетті, одан әрі олар өз өңірлерінің және еліміздің атынан республикалық және халықаралық шығармашылық байқауларда лайықты өнер көрсетеді. Әрбір қатысушының өз таланты бар, бірақ оны дамытуға мүмкіншілігі жоқ. Олар үшін «Jas-tolqyn» – үлкен бір шара, олар оған мұқият дайындалады: көп жаттығады, костюмдер тігеді, сахналық бейнелерді ойлап табады. Сондықтан біз КҚК көрсететін қолдауды аса жоғары бағалаймыз».

Естеріңізге сала кетсек, «Jas-tolqyn» қайырымдылық жобасы Қазақстанда 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқау үш кезеңнен тұрады – сырттай қашықтан байқау онлайн түрде jas-tolqyn.kz сайтында өтеді. Аймақтық көзбе-көз кезең Атырау қаласында өтеді. Оған I кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Және үшінші кезең Мәскеу қаласында өтетін «біріктіруші мәдени форум». Оған әр номинация бойынша Гран-при иегерлері қатысады.

8 маусымда сағат 15:00-де Махамбет атындағы Қазақ драма театрында «Jas-tolqyn» байқауының қорытынды Гала-концерті өтеді. Концерт қонағы ретінде танымал қазақстандық әнші Бейбіт Көшқалиев өнер көрсетеді.

Анықтама:

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды; бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік , соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) – 24% және « КТК Компани » – 7 % « Қазмұнайгаз » – 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75% – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top