«Jas tolqyn» жас таланттар байқауының қорытынды Гала-концерті өтеді.

8 маусымда сағат 15.00-де Махамбет атындағы Қазақ драма театрының сахнасында «Jas tolqyn» жас таланттар байқауының қорытынды Гала-концерті өтеді.

Конкурсқа 300-ден аса адам қатысады. Байқау қатысушылары «Хореография», «Вокал», «Инструментті жанр», «Дәстүрлі ән» номинацияларында сайысқа түседі.

Гран-при иегерлері күзде Мәскеуде өтетін байқаудың қорытынды кезеңі – «КҚК – талантты балаларға» халықаралық фестиваліне қатысады.

«Jas-tolqyn» жас таланттар байқауы Каспий Құбыр Консорциумының демеушілік қолдауымен өтеді және ол Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған.

Қазылар алқасы құрамына ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Раиса Мусаходжаева, ҚР халық әртісі Гүлжан Талпакова, «Қазақстан музыканттары одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Орган залының директоры Гүлбаршын Мұқашева, Қазақ ұлттық өнер университетінің дәстүрлі музыка факультетінің деканы Марат Нукеев, опера әншісі, халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық бөлімінің меңгерушісі Батыржан Смаков, Құрманғалиев атындағы филармонияның әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Қайрат Какимов, Атырау қаласындағы «Балет» студиясының директоры, хореограф, «Шапағат» орденінің иегері Гүлсина Байкенова, облыстық филармонияның бас режиссері Ақмарал Машимова кіреді.

Концерт қонағы ретінде танымал қазақстандық әнші Бейбіт Көшқалиев өнер көрсетеді.

Аккредитациялау телефоны 8 701 308 85 88 Гүлнар

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top