«Jas-tolqyn 2022» жас таланттар байқауының І кезеңі аяқталды

2022 жылғы 10 мамыр

«Jas-tolqyn 2022» жас таланттар байқауының І кезеңі аяқталды

Биыл маусым айында «Jas-tolqyn» қайырымдылық жобасы үлкен сахнаға өз қатысушыларын тағы да жинайды.   Қазіргі уақытта «Сырттай-қашықтық байқауы» бірінші кезеңіне онлайн өтінім қабылдау аяқталды.   

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, қатысу өтінімдері 1 наурыздан 24 сәуірге дейінгі аралықта қабылданған және өткен жылмен салыстырғанда екі есеге дейін артқан, бұл жобаға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. 

«Jas-tolqyn» байқауын өткізген алғашқы жылда біз 114 өтінім қабылдадық, бұл – 400 қатысушы. Ал биыл талаптанушылар саны көп.  Онлайн байқауға барлығы 247 бейне жұмыстары бар өтінім келіп түсті. Бұл 4 облыстан келген 600-ден аса бала мен жасөспірім,- дейді жобаның үйлестірушісі Ботагөз Шарденбаева.

Байқау ережелері бойынша, «Сырттай-қашықтық байқауы» І кезеңі jas-tolqyn.kz сайтында онлайн өткізіледі. Байқауға қатысқысы келетіндер шығармашылық ұжым атынан да, жеке орындаушы ретінде де өз сауалнамаларын жібереді. 10 мамырда «Сырттай-қашықтық байқауы» І кезеңінің қорытындысы шығарылды.

«Көзбе-көз өтетін аймақтық байқау» атты ІІ кезең Атырау қаласында 5-10 маусым аралығында өтеді. Оған І кезең жеңмпаздары қатысады. Байқауды Мәскеу қаласында өтетін «Біріктіруші мәдени форум» деп аталатын ІІІ кезең қорытындылайды. Оған әр номинация бойынша Гран При алған өнерпаздар қатысады.

Естеріңізге салсақ, «Jas-tolqyn» қайырымдылық жобасы Қазақстанда 2019 жылы КҚК-Қ қолдауымен ұйымдастырылды. Жоба Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған.  

2020 жылы байқау еліміздегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты тек онлайн түрде өтті. Оған 300-ден аса адам қатысты. 2021 жылы байқау өткізілмеді. 2022 жылы жоба өз жұмысын қайта жандандырып, өз қатысушыларын қуантуда.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағында энергетика саласындағы шетелдік капиталдың қатысуымен іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 шақырымды құрайды. Бұл бағытпен Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ ресейлік, соның ішінде Каспийдегі кен орындарынан шыққан шикізат тасымалданады. КҚК теңіз терминалы үш шығарылатын айлақ құрылғысымен (ШАҚ) жабдықталған, олар танкерлерді жағадан айтарлықтай алшақта қолайсыз метео жағдайда да қауіпсіз тиеуге мүмкіндік береді.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) – 24% және «КТК Компани» – 7 % «Қазмұнайгаз» – 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75% – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top