«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КТК, 2020»

«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КТК, 2020»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ӨТЕТІН

«Jas – Tolqyn» ЖАС ДАРЫНДЫЛАР

БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар арасында ұйымдастырылған «Дарынды балаларға арналған КТК!» қайырымдылық бағдарламасы аясында өткізілген «Jas-tolqyn» байқауының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Байқау балалардың шығармашылыққа деген қызығушылықтарын дамыту; дарынды балаларды тауып, оларға қолдау көрсету; балалар мен жасөспірімдер арасында хореография, вокал, аспаптық музыка өнерін кеңінен насихаттау; балалар мен жастардың шығармашылық мәдениетін дамытуға ықпал ету; балалар шығармашылық ұжымдарының жетекшілері мен балаларды қосымша көркем білім беру арқылы өнер саласындағы жаңа үрдістермен және бағыттармен таныстыру сияқты міндеттерді шешуге бағытталған.

Байқау өткен 2019 жылы басталып, халықаралық мәртебеге ие болды, өйткені Гран-при иегерлері Мәскеуде өткен жарыстарға қатысқан болатын.

Бірінші кезеңде – байқауға қатысу үшін «Сырттай қашықтан» онлайн-сауалнамалар қабылданды. Оларды қабылдау осы жылғы 31 тамызда аяқталды. Нәтижесінде шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылардан 105 өтінім келіп түсті. Барлығы 300-ден астам бала мен жасөспірім өтінім берді, соның ішінде Батыс өңірінің шалғайда орналасқан ауылдық жерлерінің балалары да бар. Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының шығармашылық ұжымдары биылғы байқаудың белсенді қатысушылары болды.

Байқаудың шартына сәйкес оған 9 бен 18 жас аралығындағы балалар қатысты. Кіші топта – 9 жастан 11 жасқа дейінгі балалар, орта топта – 12-14 жастағылар, ересек топта – 15 жастан 18 жасқа дейінгілер болды. Қатысушылар «Хореография» (халық және эстрадалық би), «Вокал» (ансамбльдер, жеке орындау, дуэт, квартет), «Аспаптық жанр» (ансамбльдер, жеке орындау) және «Дәстүрлі ән» («Дәстүрлі ән өнері»: өзі музыкалық аспапта сүйемелдейтін әнші-солист) төрт номинациясы бойынша онлайн-өтінімдер берді. Аспаптық жанрда балалар домбыра, қобыз, саз сырнай, баян, фортепиано мен скрипкада ойнады.

Коронавирус індетіне байланысты бұқаралық іс-шаралар тоқтатылған кезде біздің байқауымыз да өткізілу форматын өзгертті.

Байқаудың салтанатты ашылуы 2020 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 14.00-де Атырау облыстық филармониясының концерт залында өтті, онда байқауға төрелік ететін қазылар алқасының мүшелері таныстырылды. Олар ұсынылған бейнежазбалар арқылы байқауға келіп түскен жұмыстарды қарап, «Jas-tolqyn» байқауының жеңімпаз лауреаттарын анықтады. Байқау лауреаттары Атырау қаласы филармониясының бас режиссері Ақмарал Ғайноллақызы Машимова жетекшілік ететін шығармашылық ұжымның сүйемелдеуімен «Мәңгілік ел» финалдық әні мен Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.

Онлайн-байқаудың қорытындысы бойынша «Хореография» номинациясында Ақтөбе облысының «Қазына» ұжымы, «Вокал» номинациясында Атырау қаласынан Санат Асуат, «Аспаптық жанр» номинациясында Атырау қаласынан Нұрсұлтан Жанабаев, «Дәстүрлі ән» номинациясында Батыс Қазақстан облысынан келген Айзере Мереке Гран при иегерлері болып танылды.

«Jas-tolqyn» онлайн-байқауының бірінші кезеңінің қатысушылары Атырау қаласында 2021 жылы көзбе-көз өтетін «Өңірлік байқаудың» екінші кезеңіне қатысады.

«Jas-tolqyn» онлайн-байқауының барлық қатысушысы дипломдармен марапатталды.

Байқау «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ-ның қайырымдылық қоры есебінен қаржыландырылады. Байқаудың әкімшісі – «BI-Жұлдызай» Корпоративтік қоры.


Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top