3 қазан күні сағат 15: 00-де «Сұлтан Палас»…

3 қазан күні сағат 15: 00-де «Сұлтан Палас» қонақ үй кешенінде  «Jas-tolqyn» жас таланттар байқауының Гала концерті өтеді.

Байқау қатысушыларымен бірге қазақстандық эстрада жұлдыздары Асар Тамара, Балжан Бидаш бір сахнада өнер көрсетеді. Басты оқиғалар өткен сахна музыкаға, шабыт пен шығармашылыққа толы сиқырлы алаңға айналды.

 

 

«Jas-tolqyn» -байқауы Ресей Федерациясның астанасында өтетін Халықаралық Талантты балалар байқауының аясында алғашқы рет елімізде ұйымдастырылып жатқан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарның жас талантты балалары арасындағы орын алатын өнер байқауы.

«Jas-tolqyn» байқауы ағымдағы жылдың маусымынан бастау алды. Оның қаржыландыруы «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ мен «ТеңізШевройл» ЖШС-нің қайырымдылық қаражаты есебінен жүзеге асырылған болатын.

Байқау жаңа таланттарды іздеуге, балаларға өз таланттарын ашуға мүмкіндік беруге, кәсіби оқытушылармен, сахна шеберлерімен және әлемдік деңгейдегі актерлермен шеберлік-сынып барысында жаңа дағдыларды қалыптастыруға, дәстүрлер мен мәдениетті сақтауға, өзіндік ерекшелігін және өзіндік шығармашылығын қолдауға бағытталған.

Конкурс құрылымы үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде – «сырттай-қашықтықтан» байқауға қатысуға онлайн-сауалнамалар қабылданды. jas-tolqyn.kz сайтында өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 31 тамызында аяқталды. Нәтижесінде шығармашылық ұжымдардан және жеке орындаушылардан 114 өтініш келіп түсті. Жалпы саны 500-ден астам балалар мен жасөспірімдер өтінім берді, олардың арасында батыс өңірінің  алыс ауылдық аудандарынан да балалар бар.

Екінші кезең – «күндізгі байқау». Ол 1 қазан күні Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында өтті. Байқауға 9-18 жас аралығындағы балалар қатысты. Кіші топта – 9 жастан 14 жасқа дейінгі балалар, үлкен топта – 15 жастан 18 жасқа дейінгі балалар.  Қатысушылар үш номинация бойынша өнер жарыстырды: «Хореография», «Вокал» және «Аспаптық жанр».

Бірінші орын жеңімпаздары:

  • «Хореография» номинациясында: Үлгілі Аққайын ұжымы(кіші топ); «Жем Аруы» ұжымы (үлкен топ));
    • «Вокал» номинациясы бойынша: Байменова Назгуль (кіші топ); Юнусова Жансая (үлкен топ));
    • «Аспаптық жанр» номинациясында: Атырау облысы Құлсары қаласынан Сисенғали Асан (кіші топ) және Маңғыстау облысынан Сүлеймен Ботагөз (үлкен топ));

Бас жүлдені Түпқараған ауданы, Маңғыстау облысының «Ақкеттік өрендері» аспаптар оркестрі мен «Вокал» номинациясы бойынша өнер көрсеткен Атырау облысы, Құлсары қаласының өкілі -Мажитова Дана иеленді. Гран-при иегерлері 26-30 қазан аралығында Мәскеу қаласында өтетін байқауға қатысады.

Байқаудың әр күні дайындықтар, кездесулер, шеберлік-сыныптар, экскурсиялар мен концерттік бағдарламаларға толы болды.

Шеберлік-сыныптарын Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлар мен оқытушылар құрамы өткізді:

  • Райса Қожабекқызы Мұсахаджаева – ҚР еңбек сіңірген қайраткері (аспаптық жанр)
  • Нұрлан Тоқтарұлы Измаилов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері (аспаптық жанр)
  • Шахимардан Қайдарұлы Әбілов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, академик, профессор (вокал)

Қазылар алқасының мүшелері:

  • Тамара Асар – «Құрмет» орденімен марапатталған, Қазақстан Эстрадасының жұлдызы (вокал)
  • Гүлжан Ізімқызы Талпакова – ҚР Халық әртісі (хореография)
  • Балжан Бидаш – Қазақстан эстрадасының жұлдызы (вокал)
    • Әсия Турагалдиевна Туғанбаева – «ISMER» вокалдық студиясының директоры (вокал)
  • Жан Муканов – продюсер, «Zhan alemi group» компаниясының директоры (вокал)
    • Галия Ахатқызы Байбосынова – «Жаңа арна media group» бас продюсері (хореография)
  • Эльмира Құрманғалиева Касыбаева – ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (хореография)

Мастер-класстарда педагогтар жас дарындарға шығармашылық әлеуеттерін барынша ашуға көмектесіп, оның бірегейлігі мен қайталанбас ерекшелігін көрсетті. Байқау  қатысушылары еңбектері үшін жеңімпаз – жүлдегер деген әділ атақ қана алып қойған жоқ, сонымен қатар адами қарым-қатынастың баға жетпес тәжірибесін, күресу мен жеңе білуді үйреніп, шығармашылықты әрі қарай дамытуға жаңа жігерлендірулерге ие болды.

Гала-концерт Caspian News интернет порталында тікелей эфирде көрсетіліетін болады

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top